rukz

Сенім телефондары:

8 (727) 3-902-044

8 (727) 3-902-101

Еркебұлан Оразалин

Басқарма басшысы

Сенім телефондары

8 (727) 3-902-044
8 (727) 3-902-101

ru kz
Мобильді нұсқа

Басты бет » Архив » Жаңалықтар мұрағаты » «БЖК-2020» бағдарламасы аясында мемлекеттіқ гранттар алу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

«БЖК-2020» бағдарламасы аясында мемлекеттіқ гранттар алу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурстың ұйымдастырушысы: Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы.

Орналасқан жері: Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, индустриалды-инновациялық даму бөлімі, 2 қабат, каб. №220, №219, пошталық мекенжайы: 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, электрондық поштаның мекенжайы: info@almaty.upp.kz, байланыс телефондары: 272-02-56, 271-67-20.

Конкурстың мәні: «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдаудың және дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде ісін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға мемлекеттік гранттар (жеке бизнесін құру үшін) ұсыну.

Конкурстың түрі: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін тапсырыс беру орны: Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, индустриалды-инновациялық даму бөлімі,
2 қабат, каб. №220, №219.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша тапсырысты және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын көрсетілген мекенжай бойынша өзі, пошта немесе өзінің өкілетті өкілі (өкілге берілген сенімхат болған жағдайда) арқылы (қосымшаға сәйкес) ұсынады.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімдері: 2019 жылғы
«1» наурыздан бастап, 2019 жылғы «20» наурызды қоса алғанда, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін (жергілікті уақытпен).

Тапсырыс берудің басталу күні мен уақыты: 2019 жылғы «1» наурыз, сағат 09:00-ден бастап (жергілікті уақытпен).

Тапсырыс берудің аяқталу күні мен уақыты: 2019 жылғы
«20» наурыз, сағат 17:00-ге дейін (жергілікті уақытпен).

Көрсетілген мерзімнен кешігіп түскен тапсырыстар қабылдауға жатпайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен http://www.almaty.upp.kz, http://almaty.atameken.kz, http://www.damu.kz, сайттарында танысуға болады.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Р/№

Заңды тұлға

Р/№

Жеке кәсіпкер

1.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі

1

Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі

2.

Салықтар, алымдар мен жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы анықтама

2

Салықтар, алымдар мен жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы анықтама

3.

Өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама

3*

Өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама

4.

Бизнес-жоба

4

Бизнес-жоба

5.

Кәсіпкердің

Бағдарламаның және/немесе «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткенін растайтын құжатының көшірмесі

5

Кәсіпкердің Бағдарламаның және/немесе "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткенін растайтын құжатының көшірмесі

6.

Өкілге б

ерілген сенімхат

6*

Өкілге берілген сенімхат

7.

Кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бары туралы банктік шоттан берілген үзінді немесе жылжитын және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалық құнын растайтын құжаттар

7*

Кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бары туралы банктік шоттан берілген үзінді немесе жылжитын және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалық құнын растайтын құжаттар

* қажет болған жағдайда толтырылады

«БЖК-2020» бағдарламасының шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру

1. Мемлекеттік гранттар:

- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне;

- ісін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге;

- ісін жаңадан бастап жатқан жас кәсіпкерлерге;

- әйелдерге, мүгедектерге және 50-ден асқан тұлғаларға беріледі.

2. Грант қаражаттарын алу мақсаты:

- негізгі жабдықтар мен материалдар алу;

- материалдық емес активтер алу;

- технологиялар алу;

- франшизаға құқық алу;

- зерттеу жұмыстарымен, жаңа технологияларды енгізумен байланысты шығындар.

3. Ерекше жағдайлар

- гранттың ең жоғарғы сомасы 3 000 000 теңгеден аспауы тиіс;

- берілген грант сомасының 10%-ы кәсіпкермен бірлесе қаржыландырылуы тиіс;

- грант қаражаттары жылжымайтын мүлік, жер телімін сатып алу және жалға алу төлемі ретінде пайдаланылмайды;

- бизнес-идея жаңалықтары (мүгедектерге қолданылмайды).

Наурзбеков Бахытжан Асанович

Руководитель управления предпринимательства и инвестиций города Алматы